Жарқын ойын, қайнаған энергия, ымырасыз күрес

29.10.2019

Түркістанда 2006 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Кең зал, әділ төрешілік, қонақжай иелері, тамаша ұйымдастыру жұмысы жарыс туралы жағымды әсер қалдырды. Ел чемпионатын жарқын ойынмен, қайнаған қуатпен, ымырасыз күреспен безендірген теннисшілер де шетте қалған жоқ.

12 жасар спорт шебері Алан Құрманғалиев жаттықтырушылар мен қарағандылық жанкүйерлердің үмітін ақтады, ол үш алтын және бір күміс медальға ие болды. Финалдық жекпе-жектер мен қола жүлделер үшін күрескен барлық қатысушылар сапалы теннис көрсетті. Тосын сыйлықты 10 жасар Дарья Фу және 10-жасар Юрана Ибраева сыйға тартты, олар өздерінен 3 жас үлкен қарсыластарын жеңіп, екінші орын алды.

Ұлдар, жұптық разряд.

1 орын Алан Құрманғалиев – Әмір Торғайбеков (Қарағанды облысы);

2 орын Дамир Мэлсов (Батыс Қазақстан облысы)-Қадырәлі Қабдылуахитов (Павлодар облысы);

3 орын Абдұлла Мамай (Түркістан облысы) – Нұрхат Әбдіхалық (Алматы).

Қыздар, жұптық разряд.

1 орын Назым Серікбай – Шахзода Ахмадәлиева (Түркістан облысы);

2 орын Дарья Фу-Юрана Ибраева (Қарағанды облысы);

3 орын Аружан Бекіш – Аружан Ілияс (Батыс Қазақстан облысы).

Аралас разряд.

1 орын Абдұлла Мамай – Шахзода Ахмадәлиева (Түркістан облысы);

2 орын Алан Құрманғалиев – Виктория Мочалкина (Қарағанды облысы);

3 орын Дамир Мэлсов (Батыс Қазақстан облысы)-Алиса Цвигун (Нұр – Сұлтан).

Ұлдар, жеке турнир.

1 орын Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы);

2 орын Абдұлла Мамай (Түркістан облысы);

3 орын Әмір Торғайбеков (Қарағанды облысы).

Қыздар, жеке турнир.

1 орын Виктория Мочалкина (Қарағанды облысы);

2 орын Аида Үсіпбаева (Шымкент);

3 орын Дана Шокобалинова (Қостанай облысы)


Талап Қойбағаров, Түркістан қ.