Жарқын болашақ

10.02.2021

2021 жылдың соңында нарыққа жаңа жарқын қаптамалары бар ракеткалар келеді: қызғылт, күлгін, жасыл және көгілдір. (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы бірқатар сынақтардан кейін түстерді таңдап, осы жаңалықтарды ресми түрде мақұлдады.

ITTF бұл бастаманы жариялаған кезде, спорт қауымдастығы үш топқа бөлінді: біреулері екі қолдарымен "Иә" деп қолдады, өзгелері "Қарсы" болды, ал қалғандары бұл мәселеге аса мән бермеді. 2019 жылы стейкхолдерлердің жыл сайынғы жиналысында (шешімдері жүйенің сәттілігіне әсер етуі мүмкін адамдар тобы) делегаттардың көпшілігі ракетка қаптамаларының дәстүрлі түс желісін кеңейтуге дауыс берді. Алайда, жаңа жарқын түстерді таңдау өте қиын міндет болды, өйткені екі маңызды шектеулер бар еді: үстел теннисіне арналған доптардың түсі, сондай-ақ ракетканың қара жағы (ол өзгертуге жатпайды). Алуан түрлі түстердің арасынан қандай түстерді таңдау керек? Маңызды теориялық дайындықтан кейін сарапшылар тәжірибеге көшті. Теннисшілер екі түрлі бөлмеде - күн сәулесі бар және кәсіби фотостудияда, сондай-ақ Сингапур турнирінде жаңа ракеткалармен ойнады. Жан-жақты тестілеу нәтижелердің барысында төрт жаңа түстер таңдалды, оларды үстел теннисіне қажетті жабдықтарды өндіретін барлық ірі өндірушілерге қолдануға ресми түрде рұқсат етілді: қызғылт, күлгін, жасыл, көгілдір. ITTF Директорлар кеңесі бастаманы мақұлдады және ағымдағы жылдың қазан айынан бастап жаңа ракеткалар дүкендерге келіп түседі: "Үстел теннисі - бұл барлығы үшін және әрқайсысына арналған спорт түрі, демек, өз даралығын әртүрлі тәсілдермен білдіру мүмкіндігі болуы керек. Біз нарықта жаңа спорт өнімдерінің пайда болуын күтеміз, бірақ атап өткіміз келетіні: бұл жаңалықты қабылдамайтындар үшін ракеткадағы қара және қызыл қаптамалардың классикалық ережесін ұстануға тыйым салынбайды".

ITTF материалдары бойынша