Жартылай финалға еш қиындықсыз шықты

09.11.2025

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) Қазақстан құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындары бағдарламасындағы үстел теннисі турнирінде жартылай финалға шықты. 1/4 финалда Кирилл Герасименко, Алан Курмангалиев, Айдос Кенжигулов катарлықтарды оңай жеңді.

Қазақстан - Катар 8:1.


Алан Курмангалиев/Айдос Кенжигулов - Мохаммед Абдулвахаб/Абдуллах Абдулвахаб 2:1.

Кирилл Герасименко - Ахмед Саадави 3:0.

Алан Курмангалиев - Мохаммед Абдулвахаб 3:0.


Талап Қойбағаров