Түркияның Конья қаласында спорттың 27 түрі бойынша Ислам Ынтымақтастығының 5-ші ойындары өтуде және үстел теннисі турнирінде Өскемендік Денис Жолудев қола медальға ие болды. Құттықтаймыз!
Денис мықты сегіздікке шығу үшін матчта
Сауд Арабиясы құрамасының көшбасшысы Абдұлазиз Бу Шулайбиді 3:1 есебімен жеңді.
Ширек финалда қазақстандықтың қарсыласы Ойындардағы бірінші нөмір астына
іріктелген, тәжірибелі Ибрагим Диау (Сенегал), әлемдегі 65-ші ракетка болды.
Біздің теннисші жоғары орындаушылық шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.
Төртінші партияда 1:2 есебімен ұтылып жатып, 13:11 есебімен алға шықты. Шешуші
сет 11: 8 және Денис Жолудев жартылай финалда. Финалға барар жолда оны
Рио-де-Жанейро-2016 және Токио-2020 Олимпиада Ойындарының қатысушысы Нима
Аламиан (Иран) күтіп тұрды. Тәжірибелі шеберлердің қарсылығында ирандық мықты
болды.
Финалдық сегіздікке дейін жеткен Алсу Сапарованың (Орал) өнер көрсетуін айта
кету керек.
Талап Қойбағаров