Жарақатты емдеу ғана емес, спортшының физикалық күйін оңтайландыру

09.07.2026

Қазақстанның үстел теннисінен ұлттық командасында тәжірибелі маман - спорт дәрігері Роман Быков жұмысқа кірісті, ол өзінің кәсіби дағдыларын еліміздің биатлоннан олимпиада құрамасында, велосипед шорт-трегінде, теннисте, спорттық гимнастикада, паралимпиадалық жаттығу орталығында сәтті қолданды.

Үстел теннисінен ұлттық командасында Роман Юрьевичтің алдында келесі негізгі мақсаттар тұр:


- Әр спортшының жағдайын талдау, оның күшті және әлсіз жақтарын анықтау;

- Мақсаттарға жету үшін қандай жүктеме қажет екенін түсіну үшін жүйелі зерттеуді ұйымдастыру;

- Спортшыға тамақтану, дәрі-дәрмектерге қатысты кеңес беру;

- Ойыншының оңтайлы физикалық күйін сақтау, матчтар арасында жылдам қалпына келтіру;

- Жарақаттың алдын алу;

- Оқу-жаттығу жиындарында жұмыс істеу;

- Спортшыларды турнирлерде сүйемелдеу және тағы да басқалары.


Мұның бәрі жаттықтырушылар құрамымен тығыз байланыста.


Талап Қойбағаров