Жапонияға лайықты қарсылық көрсетті

07.05.2026

Үстел теннисінен әлем чемпионатында (Лондон) Қазақстанның ерлер командасы 1/8 финалда Жапониямен матч өткізді. Біздің қарсыластарымыз мықты және өте титулды құрамды қарсы қойды:

- Томокази Харимото - Азия чемпионы, Азия Кубогының иегері, командадағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері.


- Сора Мацусима - Азия чемпионатының қола жүлдегері, Әлем кубогының екі дүркін күміс жүлдегері.


- Сюнсуке Тогами -жұптық разрядтағы Әлем чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем Кубогының күміс жүлдегері.


Қазақстандықтар әлем чемпионатының басты фавориттерінің біріне лайықты қарсылық көрсетті, ерік-жігер танытып, соңына дейін күресті.


Қазақстан-Жапония 1:3.


Кирилл Герасименко - Сора Мацусима 3:1.

Алан Курмангалиев - Томокази Харимото 0:3.

Айдос Кенжигулов - Сюнсуке Тогами 0:3.

Кирилл Герасименко - Томокази Харимото 0:3.


Талап Қойбағаров