Кобе қаласында (Жапония), Спорт мектептері арасында үстел теннисінен ел чемпионатында 2-ші орын алған "Икуэй" жоғары мектебінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншылары Мұхаммедали Құрбантаев, Дулат Ералхан, кадеттерден ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы Ердәулет Оразбаевтың оқу-жаттығу жиыны өтті.
Оқу-жаттығу
жиынын атақты Маман, "Ryukyu Astida" Т-лигасының жапондық командасының
бас жаттықтырушысы о -2010 жылғы командалық әлем чемпионатының қола жүлдегері,
миксте Жапония чемпионы, 2008 жылғы жапон лигасының үздік ойыншысы, лиганың 10
дүркін "ең құнды ойыншы" жүлдесінің иегері, жеке санатта "Pro
Tour Russia Open" халықаралық
турнирінің жеңімпазы Чжан Казухиро өткізді.
9
күн ішінде қазақстандық спортшылар екі реттік жаттығуларға қатысып, кросс жүгірді,
жалпы дене шынықтыру дайындығын өткізді,
техниканы жетілдірді, түрлі тактикалық элементтерді игерді.




Талап Қойбағаров

