Астанада Қазақстан Республикасы Спартакиадасы бағдарламасындағы үстел теннисінен турнир басталды. Назарбаев Университетіндегі спорт орталығында Астана, Алматы, Шымкент және елдің 12 облыс орталықтарынан келген шеберлер жарысуда. Бірінші күні ерлер және әйелдер арасында командалық жарыстардың алдын ала ойындары өткізілді. Екінші кіші топта көзбе-көз шайқаста екі теннисшілер жанұясы – Герасименко (Астана) және Харки (Жамбыл облысы) кездесті. Бұл тек қазақстанның емес сонымен қатар әлемдік үстел теннисінің тарихындағы бірегей жағдай. Кирилл, Александр және Тимофей Герасименколар қызықты қарсыластықта Нури, Абдул-Мәжіт және Ескендір Харкиді 3:0 есебімен ұтып кетті. Содан кейін Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының құрамалары жеңіліс тапты және астаналықтар бірінші орыннан финалдық сегіздікке шықты. Сондай-ақ Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Алматы құрамасы (Тимур Келбұғанов, Самат Бейсенов, Тимур Бейсәлиев, Александр Максимов) өз топтарында жеңіске жетті, олар Ақтөбе және Қостанай облыстарының спортшыларынан мықтырақ болды. Нәтижесінде жұптар анықталды, марапаттар үшін жолдарын жалғастыратындар олар - Алматы-Павлодар облысы, Астана-Қарағанды облысы, Шымкент-Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облысы – Батыс Қазақстан облысы.
Әйелдер
құрамалары арасында төрт финалдық жұптар мынадай болып қалыптасты: Қарағанды
облысы – Қостанай облысы, Алматы-Павлодар облысы, Шымкент – Шығыс Қазақстан облысы,
Астана-Батыс Қазақстан облысы. Қызықтың бәрі енді басталады.
Суретте «жанұялық командалар» Герасименко (Астана) және Харки (Жамбыл облысы).
Талап
Қойбағаров