Жаннур Калигожин - Республикалық үстел теннисі Федерациясының вице-президенті

01.10.2025

Қазақстан Үстел теннисі Федерациясы конференциясының шешімімен ҚР Парламенті Сенатының сарапшылар клубының мүшесі, ҚР Денсаулық сақтау Министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР спорт шеберіне үміткер, Республикалық Универсиаданың қола жүлдегері Жаннур Калигожин Федерацияның Вице-президенті лауазымына тағайындалды.

Жаннур Ғабиденұлының медицина саласындағы үлкен жұмыс тәжірибесі спортшыларды медициналық сүйемелдеуге, олардың медициналық-биологиялық қамтамасыз етілуіне, жалпы теннисшілерді даярлаудың құрамдас бөлігі болып табылатын медициналық бақылауға сөзсіз ықпал ететін болады.


Талап Қойбағаров