Жанкүйерлерінің үміттерін ақтады

03.12.2018

Суперлиганың ерлер командалары арасындағы үстел теннисінен Қазақстанның Ашық чемпионаты «Астана»-«Жетісу» (Алматы облысы) командаларының финалдық матчымен аяқталды. Тура екі ай бұрын (1 қазанда) астаналықтар мен жетісулықтар Талдықорғанда үшінші турда кездескен болатын және сонда 4:3 есебімен жарыс иелері жеңіске жеткен болатын. Реванш болама?

Бірінші болып кездесуді Тимур Келбұғанов («Жетісу»), Владислав Чимбарцев («Астана») бастады. 2018 жылда Тимур жоғары дәрежеде ойын көрсетуде және Владислав мұны өз басынан кешірді. Есеп 3:1«Жетісу» алдыға шықты.

Ойын үстеліне Денис Жолудев («Жетісу»), Павел Лукьянов («Астана») жақындады. Мен Денистің өз қарсыласынан жеңіл түрде өтетініне сенімді едім, бірақ кішкене қателестім. Павел «командалық» ойыншы болып шықты және ол «Астана» үшін 100% күш-жігерін салды. Кездесу соңында Денис Павелден басым түсіп 3:2 есебімен жеңіске жетті және жетісулықтар 2:0 есебімен алдыда болды.

Диас Сәрсембаев («Жетісу») жолдастарының жеңіс тұғырын қолдай алмады және 0:3 есебімен ұтылыс тапты. Жұптық қарсыластықта «Жетісу» ойын есебін 3:1 етіп өз пайдасына шешеді. Чемпиондық кубок мүлдем жақын және оны өз командасы үшін ұтып алуДенис Жолудевтың қолында болды. Ол жақсы да сенімді түрде Владислав Чимбарцевпен ойындыбастады, алдыда келе жатты, бірақ бастаманы Владиславқа бере салды, ойында кешірілмейтін қателіктер жіберді және финалдық шиеленісті одан сайын арттырды. Қазірдің өзінде 3:2.

Тимур Келбұғанов күресуде, алайда оның қарсыласы күштірек міне есеп 3:3. Бірінші орынның тағдыры Диас Сәрсембаев («Жетісу») және Павел Лукьянов («Астана») екеуінің қолдарында. Жергілікті жанкүйерлер бірлескен түрде «Астана – Астана - Астана» деп Павелды жігерлендіруде және ол олардың үміттерін ақтады. 3:0, финалдың жалпы шоты 4:3 және «Астана» 2018 жылғы Суперлига маусымының чемпионы. Құттықтаймыз!

Турдағы үшінші орынға ие болу үшін шайқаста өзбектік «Хван Ман Гым» «Шолақ Терек» (Қостанай облысы) командасынан күштірек болды 4:2, бірақ жалпы нәтижеде қостанайлықтарда «қола» (24 ұпай), ал біздің Ташкент облысынан келген қонақтар төртінші (23 ұпай) болды.

Талап Қойбағаров