Жанерке Кошкумбаева Азия чемпионатын жеңіспен бастады

13.10.2025

Үстел теннисінен (Үндістан) 28-ші Азия чемпионатында Жанерке Кошкумбаева (Қарағанды қ., жаттықтырушысы Татьяна Ким) алғашқы ойынын жеңіспен бастады. Оның Мальдивтерден келген қарсыласы Нафиз Айшат қазақстандық спортшының қорғанысын еңсере алмады және 0:3 есебімен жеңілді.

Жанерке Кошкумбаева:

"Аздаған толқу болды, мен команданың атынан осындай жауапты жарыстарда сәтті ойын көрсетуім керек болды. Құрлықтық чемпионаттағы алғашқы ойыным жеңіспен басталғанына өте қуаныштымын".

Әйелдер, Қазақстан - Мальдивтер 3:0.

Сарвиноз Миркадирова - Мишка Мохамед 3:0.

Зауреш Акашева - Али Фатимат 3:0.

Жанерке Кошкумбаева - Нафиз Айшат 3:0.

Ерлер, Қазақстан - Қырғызстан 3:0.

Алан Курмангалиев - Талгат Сагындыков 3:0.

Санжар Жубанов - Азамат Эргешов 3:0.

Айдос Кенжигулов - Тилек Молдалиев 3:2.

Қазақстандықтардың жеңісіне ешкім күмәнданбады, бірақ біздің жігіттер оң нәтижемен бастау үшін күш салуға мәжбүр болды.


Талап Қойбағаров, Бхубанешвар қ.