Магнитогорск қаласында Ресей үстел теннисі федерациясының Суперлигадағы командалық чемпионатының бірінші туры басталды. Бүгінгі күні жаңартылған және жасарған TTC "Astana" (спортшылардың орташа жасы 15 жас) клубы үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті: "СШОР №12" (Самара) 3:0, "ОТМК-УОР" (Верхняя Пышма) 3:2 және УОР (Қазан) 3:0. Біздің қыздарымыздың көрсеткіштері төмендегідей – Анель Бақыт 4 ойын, 4 жеңіс (+4), Сарвиноз Мірқадірова (+3, -1), Ангелина Романовская (+2), Алсу Сапарова (-1). Ертең TTC "Astana" клубының қарсыластығында "СЕНКЕР" (Чебоксары), "ОТМК-РЕЗЕРВ" (Верхняя Пышма), "Факел-1" (Орынбор) клубтары.
Талап Қойбағаров