Жаңа спорт шеберлері

03.11.2026

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен Қарағанды қаласының спортшылары Дарья Фу, Асылхан Мағзұмбеков және Мария Лукьяноваға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы берілді!


Дарья - командалық есепте Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Кубогының 2 дүркін иегері, жастар арасында Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы, қыздар арасындағы үздіктер турнирінің жеңімпазы, Қазақстан чемпионатының аралас жұптық сынының күміс жүлдегері, «WTT Youth Contender Batumi» халықаралық турнирінің қола жүлдегері.

Асылхан - жастар арасында жұптық сында Қазақстан чемпионы, жасөспірімдер арасында ел чемпионы, Орталық Азия клубтық жасөспірімдер чемпионатының жеңімпазы, «WTT Youth Contender Georgia» халықаралық турнирінің қола жүлдегері.

Мария - 2026 жылы Лондонда өткен әлем чемпионатының қатысушысы, командалық есепте Қазақстанның 2 дүркін чемпионы, қыздар арасында ел чемпионы, «WTT Youth Contender Batumi» және «Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогы» халықаралық турнирлерінің жеңімпазы. Сондай-ақ «WTT Youth Contender Tashkent», «WTT Youth Contender Almaty» және «WTT Youth Contender Cairo» турнирлерінің жүлдегері.

Спортшыларымызды «Қазақстан Республикасының спорт шебері» құрметті атағының берілуімен шын жүректен құттықтаймыз! Қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, жаңа биіктерді бағындырып, халықаралық аренада Қазақстанның намысын абыроймен қорғай беріңіздер! Дендеріңізге саулық, сәттілік тілейміз! Әрдайым жақындарыңыздың қолдауы мен қамқорлығына бөленіңіздер!


Талап Койбагаров