Жаңа Орталық, жаңа турнир

06.11.2022

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тұғжанов, Республикалық үстел теннисі Федерациясының бас хатшысы Данил Пак, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ Бас директоры Ли Шуфэн бүгін салтанатты жағдайда Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан спортшылары қатысатын "AQTOBE" үстел теннисінің жаңа орталығы мен "AQTOBE CUP" турнирін ашты.

Жалпы ауданы 3800 шаршы метрден асатын орталықта 16 үстелден тұратын ойын залы, кәсіби еден жабыны, төрешілер мен жаттықтырушылар бөлмелері, медициналық және кеңсе кабинеттері, шешінетін және мүкәммал үй-жайлары, 450 орындық көрермендерге арналған трибуналары бар.

Орталықтың құрылысын қаржыландыру "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ компаниясының қолдауының арқасында мүмкін болды.











Талап Қойбағаров