Жаңа клуб, жаңа тапсырмалар

13.02.2019

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кирилл Герасименко 2013 жылғы Бундеслига чемпионы «SV Werder Bremen» (Бремен қ. Германия) клубымен келісім-шартқа кол койды. Алғашқы ойынын бремен теннисшілерімен бірге Кирилл ағымдағы жылдың тамыз айында өткізеді. Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың (Австрия) пікірі: «Жақсы келісім-шарт, өйткені ол көрнекті клуб, жаттықтырушылары жоғарғы кәсіби деңгейдегі мамандар, ал Кириллдың әріптестері мықты және атақты спортшылар болады. Онда керемет жаттығу базасы бар және шеберлікті жоғарлатуға барлық жағдай жасалған».

Талап Қойбағаров