Алматы облысының Талғар ауданында АИБА Бүкіләлемдік бокс академиясының спорт кешенінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың (Австрия) басшылығымен үстел теннисі спорт шеберлерінің оқу жаттығу жиындары аяқталды: «Жиын өте жақсы өтті. Бұрынғы оқу-жаттығу жиындарына қарағанда жоғары қарқындылық пен жаттығу үрдісінің қиындығына қарамастаннәтижелілігі жоғары болды. Теннисшілер жаңа ойын сапасын меңгерді және бұрынғыға қарағанда одан көбірек болды, тезірек жетіле түсетіндіктеріне сенді. Спортшылар өздерінің жеке жаттықтырушылары және республиканың құрама жаттықтырушыларының көмегімен осы жерде жетілдіргендерімізді күнделікті жаттығуларында пайдаланатындықтарына мен сенімдімін.Оқу-жаттығу жиындарына қатысқан барлық қатысушыларды жаңа деңгейге шыққандары үшін құттықтаймын және 2019 жылы табыс тілеймін. Жиында жаттығуға арналған жағдай тамаша болғандығын атап өткім келеді, бұл біздің федерацияның еңбегінің жемісі. Үлкен рахмет! Жаңа жылды барлығы жақсы қарсы алуларына тілектеспін!».
Талап Қойбағаров