Лос-Анджелесте (АҚШ) 26 маусым мен 5 шілде аралығында өтетін USD 1 550 000 жүлде қоры бар халықаралық «United States Smash» өкілдік турниріне қатысу үшін әлемдік үстел теннисінің барлық жұлдыздары жиналады.
«Оntario Сonvention Сenter» алаңына Олимпиада ойындарының, Әлем біріншіліктерінің
чемпиондары мен жүлдегерлері Ван Чуцинь (Қытай), Трульс Морегард (Швеция), Томокази
Харимото (Жапония),
Феликс Лебрун (Франция), Уго Кальдерано (Бразилия), Сунь Инша (Қытай), Ван Маньюй (Қытай), Мива Харимото (Жапония), Сабин Винтер (Германия), Хина
Хаята (Жапония) және тағыда басқалары шығады.
Қазақстанның атынан Кирилл Герасименко және Зауреш
Акашева өнер көрсетеді.
Талап Қойбағаров

