Үздіктер арасындағы мықтылар

03.05.2021

Алматыда Қазақстан үстел теннисі Федерациясының залында 2003 - 2006 ж.т. және одан кіші жас аралығында еліміздің ең мықты ұлдары мен қыздары 4 мамырға дейін екі турнирде үздіктерді анықтау үшін жиналды. Бүгін ойын күнін Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Санжар Жұбанов (Орал) жеңіліссіз өтті. Әнел Бақыт (Шымкент), Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан Облысы) қарсыластарына бір-бірден ұтылды. Кіші топтағы теннисшілерден Абдұлла Мамай (Түркістан облысы), Әмір Торғайбеков (Қарағанды), Шахзода Ахмадәлиева (Түркістан), Виктория Мочалкина (Қарағанды), Гулера Шавкатова (Түркістан) және Екатерина Охмак (Қарағанды) көш бастап тұр.

Талап Қойбағаров