Үздік төреші, үздік ойыншылар

09.09.2022

"ADD" Алматы үстел теннисі орталығында өтетін "WTT Contender Almaty" өкілдік турнирінде 10 шетелдік, 10 қазақстандық төрешілер қызмет көрсететін болады, олардың ішінде әлемде үшінші және Азия құрлығынан жалғыз "Gold Badge" иегері, яғни ең жоғары төреші санаты бар Үндістаннан келген тәжірибелі Випин Мехра бар. Мұндай спорттық төрешілерден әлемдік тізілімінде барлығы 8 адам ғана бар.

Қазақстанның үстел теннисі Федерациясы турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткендері үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, Ұлттық Олимпиада комитетіне, Спортты дамыту дирекциясына және Алматы қаласының әкімдігіне алғыс білдіреді. Сондай-ақ бас демеуші - Самұрық - Қазына, "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры", "ADD Capital", "PTC Holding", "Qazaq Oil", "Қазақмыс корпорациясы", "Sulpak", "Halyk bank" демеушілеріне және турнирдің ақпараттық серіктесі - "QAZSPORT" телеарнасына алғыс білдіреді.

Талап Қойбағаров