Үстел теннисінен Австрияның Бундеслига чемпионаты, онда "Baden AC" (Баден қ.) клубының құрамында Айдос Кенжеғұлов өнер көрсетеді, COVID-19-ға байланысты ағымдағы жылдың 3 қарашасынан бастап тоқтатылады. Бұл туралы кеше канцлер Себастьян Курц пен Ішкі Істер Министрі Карл Нехаммердің қатысуымен өткен Федералды үкіметтің баспасөз конференциясынан кейін белгілі болды. Сейсенбіден қарашаның соңына дейін Австрияда екінші локдаун болады - төтенше жағдайға байланысты адамдарға ғимаратқа немесе белгілі бір аймаққа еркін кіруге және шығуға тыйым салынатын жағдай. Спорт залдары жабылып, жаттығулар тоқтатылады.
Талап Қойбағаров