Қызықтың бәрі енді басталады

03.05.2018

Хальмстадтағы (Швеция) үстел теннисінен өтіп жатқан әлем чемпионаты мықты айналымда. Әр топтағы матчтық ойындар ақырына жетуде, таяуда барлық командалар анықталып, және олар алдарына қойылған мақсаттарына жету үшін күрестерін жалғастыратын болады: біреулерге ол медальдар үшін күрес, ал басқаларға ол чемпиондық дивизионда өз орындарын сақтап қалу, қазақстандықтар үшін – әлем біріншілігінің турнирлік кестесінде ұстанымын жақсарту. Әзірге біздің теннисшілеріміз кейде жеңіске жетуде, кейде жеңіліс табуда. Қазақстанның ерлер құрамасы мықты ирандықтардан көрген лайықты және әдемі жеңістерінен кейін 2:3 есебімен тәжірибелі испандықтардан жеңіліс тапты. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко ауыр және тартысты жекпе-жектерде Жесус Кантеро мен Альваро Роблесті ұтып, тағыда еңбекпен 2 ұпай алып берді. Тағы бір керекті ұпайды алуға тырысқан Тимур Кельбұғанов және Денис Жолудев болды, алайда Карлос Мачадо мен Жесус Кантеро біздің балаларға мұны жасауға мүмкіндік бермеді.

Қазақстан – Пуэрто–Рико кездесуінде Кирилл Герасименко, Денис Жолудев командаға жеңіс алып келді 3:1. Енді Қазақстан – АҚШ матчының соңында топтағы барлық орындар анықталады және біздің бірінші орын алуға әлі барлық мүмкіндігіміз бар.

Қазақстанның әйелдер құрамасы (Зәуреш Ақашева, Наталья Сладкова және Анастасия Лаврова) Оңтүстік Африкамен ойнап 3:0 есебімен жеңіске жетті. Топтық турнирдің соңғы матчында ливандықтармен кездесеміз, оларды жеңген жағдайда екінші орынды иеленеміз, және үшінші дивизионнан екінші дивизионға ауысу үшін күресті жалғастырамыз.



Талап Қойбағаров, Хальмстад қ.