Юрий Посевинді еске алуға арналған клубтық чемпионаты

20.10.2025

"Хван Ман Гым" спорт клубының (Өзбекстанның Ташкент облысы) үстел теннисі орталығында ITTF (Халықаралық үстел теннисі Федерациясы) кадрлар комитетінің бұрынғы төрағасы Юрий Алексеевич Посевинді еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық жасөспірімдер клубтық чемпионатының III туры басталды.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның 100-ге жуық спортшысы командалық, жеке разрядтарда өнер көрсетуде.


Талап Қойбағаров, Өзбекстан.