Қытай құрамасы-Азия чемпионы

11.10.2024

"Beeline Arena" Ұлттық теннис орталығында (Астана қ.) жоғары ұйымдастырушылық деңгейде үстел теннисінен Азия чемпионаты өтуде және бүгін ерлер командалары арасындағы жеңімпаз және жүлдегерлер анықталды. Дәстүрлі түрде, финалда Тайбэйден келген қарсыластарын 3-1 есебімен жеңген қытайлық спортшылар тұғырдың жоғарғы сатысына көтерілді.

Алтын-Қытай

Күміс-Тайбэй

Қола-Корея

Қола-Үндістан.


Қазақстан 24 команда арасында 7 орынға ие болды.


Талап Қойбағаров