Ыстық жолдамаларды бөліп әкетті

16.12.2019

Алматыда жоғарғы лиганың 16 командасы арасында үстел теннисінен Қазақстан Ашық чемпионатының IV айналымы аяқталды. Бірінші орынды және 2020-Суперлигасына жолдаманы шымкенттік "Sigma" жеңіп алды (суретте Кәмила Халикова, Розалина Қажиева, Назакят Гараева, жаттықтырушысы Александр Бельский, Украина). Элиталы дивизионына екінші жолдаманы Жамбыл облысының Масаншы қаласынан келген "Жолбарыстар" (Арсмане Харки, Ескендір Харки, Абдұл-Маджид Харки) клубы жеңіп алды. IV-ші айналымның үшінші жүлдегері алматылық "Ардагер" ауыспалы матчта "Альянсқа" (Бішкек) 1:4 есебімен жол беріп, қырғызстандықтар Әлішер Яқұпбаев, Талғат Сағындықов, Азиз Қыдырбаев Суперлигадағы орындарын сақтап қалды.

Талап Қойбағаров