Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының бас хатшысы Данил Пак пен оның өзбек әріптесі Шерзод Пардаев Нұр-Сұлтан қаласында екі Федерация арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осы Меморандумда тараптарды қызықтыратын ұстанымдарының егжей-тегжейлі негіздемесі қамтылған, атап айтқанда, тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру бойынша өзара оқыту жаттықтырушылық курстары, төрешілік семинарлар, жалпы дене және техникалық-тактикалық дайындық бойынша бірлескен оқу-жаттығу жиындары, спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарын жоспарлау. Данил Пак қонақтарға Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында халықаралық жаттығу базасын құру жоспарлары туралы айтып берді, онда жақын және алыс шетелдердің спортшылары, жаттықтырушылары ОЖЖ өткізетін болады. Өзбек делегациясының құрамындағы бас хатшы Шерзод Пардаев, Федерация төрағасының орынбасарлары Григорий Хван және Бахром Саидов, халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарына дайындық басқармасының бастығы Әлия Исмаилова үстел теннисіндегі Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығының әлеуеті мен келешегін жоғары бағалады.
Талап Қойбағаров