Қазақстан Үстел теннисі федерациясының Вице-президенті Жаннұр Қалиғожин мен «University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы Юрий Пя ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Негізгі
бағыттардың бірі үстел теннисінен Қазақстан ұлттық командасының спортшыларын
профилактикалық тексеру болады. Сондай-ақ, жаттықтырушыларға, спортшыларға, Федерация қызметкерлеріне және
төрешілерге сертификатталған нұсқаушылардан сабақ беретін және сертификаттар
беретін Basic Life Support (BLS - базалық жүрек-өкпе реанимациясы) бойынша
бірлескен тренингтер өткізуге келісті.
Өз кезегінде республикалық Федерация UMC қызметкерлері
арасында үстел теннисін дамытуға жәрдемдесетін болады.
Бұл ұлттық команданы жүйелі медициналық сүйемелдеудегі және
Қазақстанның үстел теннисіндегі қауіпсіздік стандарттарын арттырудағы маңызды қадам.

Талап Қойбағаров

