Сенигаллия - порттық итальяндық қалашығы, Еуропадағы ең көне үстел теннисі клубы "Tennistavolo Senigallia" (1955 ж.) клубымен танымал, онда бір кездері Олимпиада чемпионы, ХХ ғасырдың үздік теннисшісі Ян-Уве Вальднер (Швеция), 5 дүркін әлем чемпионы Йёрген Перссон (Швеция), 3 дүркін әлем кубогының жеңімпазы Владимир Самсонов (Беларусь), әлем чемпионы Вернер Шлагер (Австрия) жаттыққан болатын. Міне, осы әйгілі спорт алаңында қазақстандық теннисшілердің оқу-жаттығу жиыны өтті. Еліміздің жастар командасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченко әңгімелейді:
"30 шілде мен 8 тамыз аралығында Германия,
Швейцария, Қазақстан техникалық дайындық бойынша бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді.
Шеберліктерімізді шыңдап, күн сайын 5 сағат жаттығып, жемісті жұмыс жасадық.
Барлық спортшылар жақсы спорттық күйге ие болды, күш-қуаттарын қалпына
келтірді, үлкен қуат алды. Жеңістерге дайын".
Талап Қойбағаров