Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында үстел теннисінен Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева мен оның тәрбиеленушісі, 15 жасар халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиевті салтанатты жағдайда қарсы алды, олар Лаостағы Азия жасөспірімдер чемпионатында салтанатты түрде өнер көрсетіп, отандық спорт тарихындағы алғашқы құрлықтық қола медальді жеңіп алды. Бұл жетістікпен оларды Нұр-Сұлтан қаласының, Қарағанды облысының, республикалық үстел теннисі федерациясының спорт жетекшілері, спортшы-теннисшілер, жанкүйерлер шын жүректен құттықтады.
Эльмира Әлиева: "Бізге,
біздің жеңісімізге сенгендеріңіз үшін, жылы шыраймен қарсы алғандарыңыз үшін үлкен
рахмет! Республикалық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Рүстемұлы Әбілғазинге, Қарағанды
облыстық федерациясының президенті Жеңіс
Махмұдұлы Қасымбекке, облыстың спорт басшылығына қолдау көрсеткендері үшін,
үлкен жеңістерге жетуіміз үшін барлық жағдай жасағандары үшін зор алғысымды
білдіргім келеді".
Талап Қойбағаров