Якутскіде VIII Халықаралық спорттық ойындарының бағдарламасында "Азия балалары" атты үстел теннисінен турнир өтуде. Бүгін жұптық разрядта қола медальдарды Қазақстандық ойыншылар Санжар Ибахан (Түркістан, жаттықтырушысы Ержан Есимханов) және Медет Нурумов (Қарағанды, жаттықтырушысы Асем Бейсенбекова) жеңіп алды. Құттықтаймыз!
Санжар - 2009 жылы туылған спортшылар арасындағы ел
чемпионатының күміс жүлдегері, ал Медет қола медаль иегері.
Естеріңізге сала кетейін, 26 маусымда Санжар Ибахан мен Нойла Ханиязова аралас разрядта үшінші
орын алған болатын.
Талап Қойбағаров