17-24 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур аймағында (Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген және Мюльхайм қалалары) 18 спорт түрінен XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиада өтеді: үстел теннисі, академиялық ескек есу, бадминтон, жеңіл атлетика, садақ ату, теннис, семсерлесу, су добы, жүзу, суға секіру, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, дзюдо, тхэквондо, баскетбол, 3×3 баскетбол; волейбол, жағажай волейболы. 234 марапаттар жиынтығы ойнатылады.
Үстел
теннисінен (Эссен қ.) Қазақстанның
атынан Айдос Кенжигулов, Зауреш Акашева және жоғары халықаралық
санаттағы төреші Тимур Ходжаев өнер көрсетеді.

Талап Қойбағаров

