Ертең Айти префектурасында (Нагоя қаласы) ХХ жазғы Азия ойындарының бағдарламасы аясындағы үстел теннисінен жарыстар басталады.
Қазақстан
құрамасы сапында Кирилл Герасименко,
Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов, Искендер Харки, Зауреш
Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Қошқұмбаева, Альбина Жақсылықова,
Ангелина Романовская өнер көрсетеді.
Назарларыңызға 20 қыркүйектегі топтық кезең ойындарының кестесін ұсынамыз:
Ерлер, 8:30 (Астана уақытымен).
Қазақстан (әлемдік рейтингте №20) - Бангладеш (№105).
Әйелдер, 12:00 (Астана уақытымен).
Қазақстан (№31) - Корея (№4).
Ерлер, 14:30 (Астана уақытымен).
Қазақстан
(№20) - Сингапур (№25).
Талап Койбагаров

