29 қазаннан 1 қарашаға дейін б.з. д. 45 жылы құрылған Венгрияның ең көне Сомбатхей қаласында үстел теннисінен «WTT Youth Contender Szombathely» халықаралық жастар турнирі өтеді. 35 елден келген спортшылар 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі жас санаттарында өнер көрсетеді.
Қазақстан атынан Жәния Бекмұхамбетова, Дулат Ералхан, Игитали Султанмуратов,
Бакдуалет Саурбай, Кирилл Берников, Дагир Данияров, Арайлым Сапабек, Мансур Суйиндик,
Николай Чернозубов, Арсен Асатулла, Медина Амандык, Женис Жастлек, Анель Акатаева,
Арлан Ахметов, Тамирис Рамазан қатысады.
Талап Қойбағаров

