Азия, Африка, Америка, Еуропадан 235 спортшының қатысуымен "WTT Youth Сontender Almaty" халықаралық турнирі басталды. Бірінші ойын күні алаңға 17 жасқа дейінгі және 13 жасқа дейінгі жас санатындағы теннисшілер шықты, онда Қазақстанның атынан 23 ұл, 21 қыз қатысты, олар келесі нәтижелерді көрсетті:
17 жас, ұлдар.
Бакдаулет Саурбай тек 1/16 финалға дейін,
ал Нурислам Касым 1/8 финалға дейін жетті.
17
жас, қыздар.
Дарья Фу, Нурсая Нурман, Мария Лукьянова 1/16 финалда тоқтады.
13 жас, ұлдар мен қыздар.
1/8
финалға шығып, медальдар үшін күресті жалғастыруда Андрей Мочалкин, Амиржан Сапарали, Олег Яковлев, Нурдаулет Азаматулы,
Абылайхан Ермаханулы, Абай Жумагул, Жания Бекмухамбетова, Арайлым Сапабек,
Шохина Миркодирова, Шодиёна Камилжанова, Томирис Рамазан, Аделя Әлжанова.
24
шілдеде 17 және 13 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер
анықталады, сондай-ақ 19 және 15 жасқа дейінгі аралас жұптар сайыса бастайды.
"WTT
Youth Сontender
Almaty" халықаралық турнирі жалғасуда.










Талап Қойбағаров

