23-26 шілде аралығында Алматы қаласында "WTT Youth Сontender Almaty" халықаралық турнирі өтеді.
Алдағы
жарыстарға әлемнің 16 елінен 235 спортшы қатысады. Өз қатысуын
Гонконг, Үндістан, Катар, Қытай Тайбэй, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, БАӘ,
Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Жапония, Қазақстан
өкілдері растады.
Қазақстанның
жасөспірімдер құрамасын түрлі жас санаттарындағы 86 теннисші таныстырады.
(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының және (WTT) Әлемдік үстел теннисінің қолдауымен өтетін жарыстар жасөспірімдер сериясының күнтізбесіне енгізіліп, әлемдік рейтингте ескеріледі. Жүлделі орындар келесідей ұтысқа салынады:
1.
Ұлдар мен қыздар, 11 жасқа дейінгі жеке разряд;
2.
Ұлдар мен қыздар, 13 жасқа дейінгі жеке разряд;
3.
Ұлдар мен қыздар, 15 жасқа дейінгі жеке разряд;
4.
Ұлдар мен қыздар, 17 жасқа дейінгі жеке разряд;
5.
Ұлдар мен қыздар, 19 жасқа дейінгі жеке разряд;
6.
15 жасқа дейінгі аралас жұптық разряд;
7.
19 жасқа дейінгі аралас жұптық разряд;
Турнир тікелей эфирде "Qazsport" телеарнасында көрсетіледі.