Берлинде 25 елден келген спортшылардың қатысуымен "WTT Youth Contender" аяқталуға жақын. Аталған турнирде Қазақстан атынан Нұрислам Қасым (U19 жас санаты), Қадырәлі Қабдылуахитов (U19), Алан және Жан Бугимбаевтар (U15, U13) қатысты.
Қадырәлі
Қабдылуахитов кіші топта 2 орын алып, 1/32 финалға шығып, сол жерде Сандро
Кавайеден (Франция) 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Біздің
қалған спортшылар топтық кезеңнен өте алмады.
Талап Қойбағаров

