«WTT Star Contender Ljubljana» турнирінде біздің спортшыларымыз жеңіске жете алмады

21.06.2026

Словенияда (Любляна) USD 300 000 жүлде қорымен үстел теннисінен «WTT Star Contender Ljubljana» халықаралық турнирі өтуде. Қазақстанның атынан Алан Курмангалиев, Фанг Бо, Искендер Харки, Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетті, олар іріктеуде ойнады және өкінішке орай, жарыстың негізгі торына шыға алмады.

Алан Курмангалиев - Флориан Буррассо (Франция) 3:0, Рёичи Ёшияма (Жапония) 0:3.


Фанг Бо - Эдвард Ли (Канада) 3:1, Хуан Ючжэн (Қытай) 0:3.


Искендер Харки - Рохелио Кастро (Мексика) 3:2, Рикардо Вальтер (Германия) 1:3.


Сарвиноз Миркадирова - Барбора Балажова (Словакия) 1:3.


Талап Қойбағаров