15-20 қыркүйек аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе - жек сарайында «WTT Star Contender Astana 2026 - President’s Cup» үстел теннисінен $300 000 жүлде қорымен халықаралық турнир өтеді.
29 елдің спортшылары және олардың арасында Олимпиада ойындарының, Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарының жүлдегерлері Алексис Лебрун (Франция), Данг Цю (Германия), Дарко Йоргич (Словения), Патрик Франциска (Германия), Канак Джа (АҚШ), Чжоу Цихао (Қытай), Дмитрий Овчаров (Германия), Фанг Бо (Қазақстан), Рёичи Ёшияма (Жапония), әйелдер арасында Ван Йиди (Қытай), Сацуки Одо (Жапония), Хонока Хасимото (Жапония), Адриана Диас (Пуэрто-Рико), Бернадетте Сёч (Румыния), Миа Хирано (Жапония), Элизабет Самара (Румыния), Маника Батра (Румыния), Элизабет Абраамян (Ресей) қатысады.
Қазақстаннан 35 теннисші өнер көрсетеді.
Талап Қойбағаров

