19 ақпан мен 1 наурыз аралығында Сингапурда мерейтойлық, бесінші беделді "WTT Singapore Smash" үстел теннисі турнирі өтеді, онда әлемнің үздік спортшылары рейтингтік ұпайлар мен 1 млн.550 000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры үшін күреседі.
Турнирдің бес жылдығына орай жанкүйерлерге арналған
кеңейтілген іс-шаралар бағдарламасы ұйымдастырылады, оның ішінде "Жанкүйерлерге алғыс айту апталығы", іріктеу матчтарына тегін қол жетімді ету іс-шаралары сияқты.
"WTT Singapore Smash" турниріне халықаралық рейтингтегі барлық үздік 10 ойыншылар,
соның ішінде әлемнің бірінші ракеткалары Ван Чуцинь (Қытай) және Сунь Инша (Қытай) қатысады.
Қазақстанның атынан Кирилл Герасименко,
Алан Курмангалиев, Зауреш Акашева қатысады.
Талап Қойбағаров

