WTT Singapore Smash, 1/32 финал

21.02.2026

Сингапурда үстел теннисінен "WTT Singapore Smash" беделді турнирі өтуде, оның жүлде қоры 1 млн.550 000 АҚШ долларын құрайды. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко іріктеуде үш жеңіске жетіп, 1/32 финалға шықты.

Кирилл Герасименко - Овидиу Ионеску (Румыния) 3:1, Маттиас Фальк (Швеция) 3:1, Сендрик Нюйтинк (Бельгия) 3:2.


Алан Курмангалиев және Зауреш Акашева қарсыластарынан жеңіліп, жарыстың негізгі торына өте алмады.


Алан Курмангалиев - Чо Сынмин (Корея) 0:3.

Зауреш Акашева - Чьен Тун-Чуан (Қытайдың Тайбэйі) 2:3.


Талап Қойбағаров