Қазақстандықтар Кирилл Герасименко мен Искендер Харки Өзбекстан астанасында аяқталуға жақын қалған үстел теннисінен WTT Feeder Tashkent халықаралық турнирінде ерлер арасындағы жұптық разрядта екінші орынды иеленді.
Біздің спортшылар мына жұптарды жеңді Эстебан Дорр/Флориан Буррассо (Франция) 3:2, Шохрух
Искандаров/Кутбидилло Тешабоев (Өзбекстан) 3:0, Денис Ивонин/Никита Артёменко (Ресей) 3:1, ал финалда Максим Гребнев/Лев Кацманға (Ресей) 0:3 есебімен
жеңілді.
Күміс жүлдесімен құттықтаймыз.
Талап Қойбағаров

