WTT Contender Almaty 2026 халықаралық турнирінде Қазақстан намысын 39 спортшы қорғайды. Олардың қатарында:
Кирилл Герасименко - халықаралық
дәрежедегі спорт шебері, Рио-2016, Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада
ойындарының қатысушысы. VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының жекелей және
командалық есептегі жеңімпазы, жекелей сындағы Қазақстан Республикасының
бірнеше дүркін чемпионы.
Алан Құрманғалиев - халықаралық
дәрежедегі спорт шебері, жастар арасындағы әлем чемпионатының аралас жұптық
сындағы жеңімпазы, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының
жекелей сындағы қола жүлдегері, VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының командалық
есептегі жеңімпазы, Франция, Польша, Чехия, Швеция, Ливан, Португалия,
Иордания, БАӘ, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Грузия және АҚШ-та өткен WTT Youth
Contender сериясындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Айдос Кенжіғұлов - халықаралық
дәрежедегі спорт шебері, Аустрия кубогының иегері, VI Ислам ынтымақтастығы
ойындарының командалық есептегі жеңімпазы.
Искендер Харки - Қазақстан
Республикасының спорт шебері, WTT Youth Contender Cairo (Мысыр) турнирінің қола
жүлдегері, WTT Feeder Tashkent турнирінің жұптық сындағы күміс жүлдегері.
Санжар Жұбанов - Қазақстан
Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасы чемпионатының қола
жүлдегері.
Зауреш Акашева - халықаралық
дәрежедегі спорт шебері, Эстония, Парагвай, АҚШ, Болгария, Ливан, Польша және
Түркияда өткен халықаралық турнирлердің жүлдегері, Қазақстанның бірнеше дүркін
чемпионы.
Сарвиноз Миркадирова - халықаралық
дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы, Ирак, Грузия және
Мысырдағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Жанерке Қошқұмбаева - Қазақстан
Республикасының спорт шебері, жұптық сындағы Қазақстан чемпионы, жекелей
сындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, Катар, Ливан, Грузия және
Мысырда өткен халықаралық жасөспірімдер турнирлерінің жеңімпазы және жүлдегері.
Ангелина Романовская - Қазақстан
Республикасының спорт шебері, жұптық сындағы Қазақстан чемпионы, жекелей және
жұптық сындағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.
Мария Лукьянова - Қазақстан
Республикасының спорт шеберіне үміткер, 2011 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы
Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, Ливан мен Грузияда өткен WTT
Youth Contender сериясындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Жарыстың тікелей көрсетілімдері Qazsport телеарнасында және World Table Tennis
(WTT) ресми YouTube-арнасында қолжетімді болады.
Өтетін орны: «ADD Ustel Tennis
Ortalygy» үстел теннисі орталығы (Нұркент ықшамауданы, 14Б).
Көрермендер үшін кіру тегін!

