«WTT Contender Almaty 2026» халықаралық турниріндегі әйелдер арасындағы ТОП-10 үздік ойыншы

26.08.2026

Қатысушылар қатарында:


Хина Хаята (Япония) - Олимпиада ойындарының командалық есептегі күміс жүлдегері және жекелей сындағы қола жүлдегері, Азия чемпионы.

Миу Хирано (Япония) - Әлем кубогы тарихындағы ең жас жеңімпаз, Азия тарихындағы ең жас чемпион.

Мию Нагасаки (Япония) - жасөспірімдер арасындағы жекелей және жұптық сындағы әлем чемпионы.

Адриана Диас (Пуэрто-Рико) - Панамерика ойындарының екі дүркін чемпионы.

Мию Кихара (Япония) - командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жұптық сындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, жастар арасындағы жекелей және жұптық сындағы әлем чемпионы.

Элизабет Абраамян (Россия) - жастар арасындағы жекелей және жұптық разрядтардағы Еуропа чемпионы.

Ян Ха Ын (Корея) - аралас жұптық сындағы әлем чемпионы, командалық әлем чемпионатының қола жүлдегері, жекелей сындағы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Аннетт Кауфманн (Германия) - командалық есептегі Еуропаның үш дүркін чемпионы, аралас жұптық сындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, жастар арасындағы жекелей сындағы әлем чемпионы.

Кристина Калльберг (Швеция) - жастар арасындағы Еуропа чемпионатының жекелей сындағы қола жүлдегері.

Кахо Акое (Япония) - жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы.

Жарыстың тікелей көрсетілімдері Qazsport телеарнасында және World Table Tennis (WTT) ресми YouTube-арнасында қолжетімді болады.

«ADD Ustel Tennis Ortalygy» үстел теннисі орталығы (Нұркент ықшамауданы, 14Б).

Көрермендер үшін кіру тегін!