Назарларыңызға WTT Contender Almaty халықаралық турнирінің ең атақты әрі жарқын 10 қатысушысын ұсынамыз. Олар жанкүйерлерге ұмытылмас әсер, жоғары деңгейдегі ойын және тартысты кездесулер сыйлау үшін үстел басына шығады.
Қатысушылар қатарында:
Шунсукэ Тогами (Япония) - жұптық
сындағы әлем чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы (ерлер және аралас жұптық
разрядтарда).
Симон Гози (Франция) - Олимпиада
ойындарының командалық есептегі қола жүлдегері, командалық әлем чемпионатының
күміс жүлдегері, Еуропа ойындарының командалық есептегі күміс және қола
жүлдегері.
Юкия Уда (Япония) - командалық
әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ерлер арасындағы әлем чемпионатының қола
жүлдегері, жұптық сындағы Азия чемпионы.
Дмитрий Овчаров (Германия) - Олимпиада
ойындарының жекелей сындағы екі дүркін қола жүлдегері, командалық есептегі екі
дүркін күміс жүлдегері, Әлем кубогы мен Еуропа ойындарының жеңімпазы.
Кирилл Герасименко (Казахстан) - VI
Ислам ынтымақтастығы ойындарының командалық және ерлер арасындағы жекелей
сындағы чемпионы.
Фан Бо (Казахстан) - командалық
есептегі әлем чемпионы, жекелей сындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері,
Әлем кубогының жеңімпазы.
Кристиан Карлссон (Швеция) - жұптық
сындағы әлем чемпионы, командалық есептегі Еуропа чемпионы.
Маттиас Карлссон (Швеция) - жұптық
сындағы әлем чемпионы, жекелей сындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері,
командалық және жұптық разрядтардағы Еуропа чемпионы.
Альваро Роблес (Испания) - жұптық
сындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, аралас жұптық разрядтағы Еуропа
чемпионы.
Алан Құрманғалиев (Казахстан) - жастар
арасындағы аралас жұптық сындағы әлем чемпионы, жастар арасындағы әлем және
Азия чемпионаттарының жекелей сындағы қола жүлдегері, VI Ислам ынтымақтастығы
ойындарының командалық есептегі жеңімпазы.
Жарыстың тікелей көрсетілімдері Qazsport
телеарнасында және World Table Tennis
(WTT) ресми YouTube-арнасында қолжетімді болады.
«ADD Ustel Tennis Ortalygy» үстел
теннисі орталығы (Нұркент ықшамауданы, 14Б).
Көрермендер үшін кіру тегін!





