Үстел теннисінен Германияның тұрақты чемпионаты аяқталғанға дейін тағы үш тур бар, ал «TTC Neu-Ulm» (Ной-Ульм) клубының иесі Флориан Эбнер 2023/2024 маусымына қатысуға өтініш бермеуге шешім қабылдады, осыған байланысты Бундеслигада 11 команда қалады, оның ішінде бременнің «Werder» клубы да бар, оның құрамында Кирилл Герасименко өнер көрсетеді.
«Werder» менеджері Саша
Гребер: "Біз жаңа маусымды бұрыңғы құраммен бастағымыз келеді, өйткені
бізде нағыз біртұтас команда бар. «Werder»-де жағымды атмосфера, біз бір-бірімізді қолдаймыз
және біз басқа ойыншылармен келіссөздер жүргізбейміз".
Суретте солдан оңға қарай: Кристиан Плетя, Кирилл Герасименко, менеджер Саша
Гребер, жаттықтырушы Кристиан Тамас, Маттиас Фальк және Марсело Агирре.
Талап Қойбағаров