Вируста кедергі емес

04.07.2020

Республикалық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазиннің тапсырмасын орындау аясында Көкшетауда Федерацияның Бас хатшысы Данил Пак жұмыс сапарымен болып қайтты (Қазақстан аумағына коронавирус енгенге дейін) және ол Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен кездесті. Үстел теннисінің мамандандырылған залын ашу, тәжірибелі жаттықтырушыны шақыру, Taraflex еден жабынын сатып алу мәселелері талқыланды.

Уақыт тез өте шықты, бүгін кейбір қорытындыларды жасауға болады: шағын ракетканың тәжірибелі шебері Күбеген Саламатов облыстың аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Үстел, құрал-жабдықтар сатып алынды, ең бастысы - Көкшетау қаласында үстел теннисі орталығы пайда болды, онда олимпиадалық спорт түрімен тек кәсіпқойлар ғана емес, сонымен қатар әуесқойлар да айналыса алады.


Шағын ракетканың тәжірибелі шебері Күбеген Саламатов облыстың аға жаттықтырушысы болып тағайындалды


Талап Қойбағаров