Қазақстандық Кирилл Герасименко және оның бремендік «Вердер» клубы бойынша әріптестері Германия чемпионатында көш бастап тұр. Жоғарғы дивизионның 12 командасы маусымның соңында медальдарды ұтысқа салатын «финалдық төрттікке» кіру құқығы үшін күресуде.
Алты турдан кейінгі
турнир кестесі.
1
орын «Вердер» (Бремен), бес жеңіс және бір жеңіліс
(5-1).
2
орын «FC TT» (Саарбрюккен), 4-2.
3
орын «TTC» (Швальбе Бергнойштадт», 4-2.
4
орын «Боруссия» (Дюссельдорф), 4-2.
5
орын «ТТС» (Фульда-Маберцелль), 4-2.
6
орын «ASC» (Грюнветтерсбах), 3-3.
7
орын «ТТF» (Оксенхаузен), 3-3.
8
орын «SV» (Мюльхаузен), 3-3.
9
орын «Боруссия) (Дортмунд), 2-4.
10
орын «TTC» (Гренцау), 2-4.
11
орын «ТТС» (Бад-Хомбург), 1-5.
12
орын «TSV» (Бад-Кёнигсхофен), 1-5.
3 қарашада «Вердер» (Бремен) өз алаңында «TTC» (Гренцау) клубын қабылдайды.
Талап Қойбағаров

