Валентина Попова: «Қазақстандық теннисшілерді жылы лебізбен еске аламын»

29.10.2020

Үстел теннисінен КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Валентина Попова (КСРО-Словакия): 1977 жылдан 1989 жылға дейін КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропаның тоғыз дүркін чемпионы, 1984 жылғы Еуропаның абсолютті чемпионы, 3 Олимпиадаға қатысушы: 1988 жылы (Сеул, 6-орын), 1992 жылы (Барселона), 1996 жылы (Атланта). "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған. Көптеген жылдар бойы Словакияның әйелдер құрамасын басқарды.

Валентина Попова: Кеңес заманында Қазақстанда әйелдер құрамасы мықты болды - Флёра Хасанова, Таня Медведева, Анжела Тян, ал Қарағандыда бүкілодақтық жарыстар жиі өткізілетін. Сіздердің қыздарыңызбен оқу-жаттығу жиындарында, чемпионаттарда кездестім. 1992 жылы Барселонада өтетін Олимпиадаға арналған біліктілік турнирінде мен Таня Медведевамен шайқастым. Ауыр да тартысты матчта оны жеңіп, ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) құрамасы сапында Олимпиада Ойындарына аттандым. Кейін Таня Медведевамен біз шетелде көрістік, өйткені мен Словакияда ойнадым, ал ол Венгрияда жергілікті клуб үшін өнер көрсетіп жүрді.

Флёра Хасановамен біз бірге КСРО құрамасында өнер көрсеттік, ал Солтүстік Кореядағы турнирде ол тамаша теннис көрсетіп, халықаралық деңгейдегі шебер ретінде өсе бастады. Менің ұлым мен оның қызы жасөспірімдер жарысында ойнаған кезде, біз міндетті түрде кездесіп, жастық шақты еске алатынбыз.


Талап Қойбағаров