Жаңа маусымға жаңа орталықпен

12.03.2022

Алматыда үстел теннисінің Жаңа орталығында 2022 жылғы Супер, 1-ші лигаларда Қазақстанның ашық командалық чемпионаты басталды. Бүгін үш тур ойналып, үш реттен жеңіске жеткен "Sigma" (Шымкент), "Sarkan" (Алматы облысы), ҮТК "Қарағанды-1" командалары көшбасшы атанды. Дәл осындай нәтижені 1-лигада "Ардагер" (Алматы), "Andijan" (Өзбекстан), "Alga Express" (Алматы) көрсетті. Чемпионат қарқын алуда.

Талап Қойбағаров