«ULYTAU Group» құрылыс компаниясы Қазақстанның үстел теннисі Федерациясына пәтер сыйлады

21.05.2025

Қазақстанның үстел теннисі Федерациясы өзінің серіктесі – «ULYTAU Group» құрылыс компаниясынан бағалы сыйлық алды. Ынтымақтастық аясында компания Федерацияға өзінің тұрғын үй кешендерінің бірінен пәтер берді, осылайша елдегі үстел теннисінің дамуына қолдау білдірді. ҚР Үстел теннисі Федерациясы мұндай силастықты жоғары бағалайды. Ол оны берік серіктестік пен сенімнің белгісі ретінде қарастырады және компанияға жәрдемдескені және қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.