Өткен жылдың күзінде Верхняя Пышма қаласында (РФ Свердловск облысы) Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы мен ОТМК үстел теннисі клубы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оған сәйкес бірлескен оқу-жаттығу жиыны өткізіледі, "ОТМК-Резерв" Қазақстан Ашық чемпионатының Жоғарғы лигасына қатысады, Республика спортшылары ОТМК Кубогында ойнады. Ал ертең қазақстандық теннисшілер Орал тау-кен металлургиялық компаниясының 20 жылдығына арналған " UGMK-OPEN" бірінші халықаралық турнирінде өнер көрсетеді. 2008-2012 жылдары туған 128 кіші ракетканың жас шеберлері медальдар мен 200 000 рубль жүлде қоры үшін күресетін болады. Жеңімпаздар 18 000 рубль, екінші орынға 12 000, үшінші орынға 10 000 рубль алады. Осындай соманы чемпиондар мен жүлдегерлердің жаттықтырушылары да алады. Қазақстанның намысын Нұржігіт Жалдыбай (Түркістан), Рамазан Нәзір (Түркістан), Нұрислам Қасым (Шымкент), Дінмұхаммед Қасенов (Нұр-Сұлтан), Нұржан Нұрымбетов (Ақтөбе), қарағандылықтар Виктория Мочалкина, Дарья Гамова, Полина Сиротина, Дарья Фу, Алиса Кошелева қорғайды, жаттықтырушылары Ержан Есімханов, Владислав Захаров. Сәттілік!
Талап Қойбағаров